СОТ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

0

Қордай аудандық сотында 2023 жылдың 12 айындағы сот жұмысының қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы  өтті.

Іс-шараға Қордай аудандық сотының төрағасы Е.Ілиясов, жергілікті «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» газетінің  редакторы Ш.Сабанова   қатысты.

Е.Ілиясов өз баяндамасында статистикалық деректерді көрсетіп, оған сәйкес 2023 жылдың  12 айында Қордай аудандық сотымен -128 қылмыстық іс қаралды, оның  ішінде  айыптау үкім шығаруымен — 120 іс қаралды, 3 қылмыстық іс ҚПК тараптарын бұзғаны үшін прокурорға қайтарылған, 5 іс қысқартылған.

2023 жылдың  12  айында сотпен 1075 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 572 –  шешім шығаруымен, 217 – сот бұйрықтарын шығаруымен, 58

іс – өндірісінің  қысқартылуымен, оның ішінде 7 азаматтық іс – бітімгершілік келісіммен аяқталды, 1 іс – парсипативтік келісіммен аяқталды, 96 іс – медиация тәртібімен аяқталған.

Осы кезеңде,  сотпен  1618 адамға қатысты 1618  әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды,  179  іс өндірісімен қысқартылды.

Қордай аудандық соты «Отбасылық сот», «Татуластыру рәсімдері» пилоттық жобаларына қатысады. Осы жобалар шеңберінде билер кеңесімен және медиаторлардың  қатысуымен   татуластыру рәсімдерін жүргізе отырып  96 іс татуластырумен аяқталған.

2023 жылдың 12 айында  9  әкімшілік талап түсті,  9  талап қаралды оның ішінде 5 талап қайтарылған, 2 шешім шығарылды, 2 қараумен қайтарылды.

Іс-шара соңында Е.Ілиясов қойылған сұрақтарға жауап беріп, Қордай аудандық соты сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру үшін барлық шараларды қолданып жатқанын атап өтті.

Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.