ҚАРСЫЛАСЫН НОКАУТПЕН ЖЕҢДІ

0

Жерлесіміз, кикбоксингтен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, кәсіпқой боксшы Асхат Жантұрсынов (7-1, 6 КО) кезекті жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті.

Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен бокс кешінде ол грузиялық Мугавил Мусаевпен (3-2, 2 КО) жұдырықтасты. Суперауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын, алайда қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын бірінші раундта-ақ құлатты. Нақты айтқанда грузиялықты 12 секундта нокаутқа түсірді.

Осылайша, А.Жантұрсынов спорттық мансабында жетінші рет жеңіске жетті, ал қарсыласы Мусаевтың бұл екінші жеңілісі.

Естеріңізге сала кетейік, Ауқатты ауылының тумасы Асхат Жантұрсынов кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның алты дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы және кикбоксингтен 2016 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. 2018 жылдан бастап бірінші ауыр салмақ дәрежесінде кәсіпқой боксшы. 13 жасынан Тараз қаласындағы «Жоғары спорт шеберлігі мектебінде» Таалай Дүйшекеевтің жетекшілігімен кикбоксингпен айналыса бастаған. Көк туымызды желбіретіп, аудан атын танытып жүрген спортшымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.