ҚР Үкіметінің «Әлеуметтік және жеке нысандардың құрылысына жер телімдерінің бөлінуі туралы» Қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыстың барлық аудандары мен қалаларында бұл бағдарлама құрылыс массивтері бөлінуімен іске асады.
Бөлінген жер учаскелерінің орналасатын жерлерін таңдауда аймақтан өтетін жоғарывольтты электр тармақтарының (ЖЖ-35/110кВ) қорғау зоналарының ережелері есепке алынбайды, кейде елемейді. Бұл тұрғын үйлердің, аула құрылыстарының және қоғамдық ғимараттардың жоғарывольтты электр тармақтары сымдары астында құрылуына әкеп соғып, ҚР 10.10.1997 жылғы № 1436 1000 В-ке дейін және 1000 в-тан жоғары «Электр жүйелерін қорғау ережелері туралы» Қаулысының бұзылуы болып табылады. Бұл бұзушылықтар адам өліміне алып келетін және материалдық зардап келтіретін бақытсыздықтардың себебі болады. Сол себепті, мемлекеттік өкімет электр өткізгішті желілері қорғау зонасында жер телімін бөліп бергенде міндетті түрде Қордай АЭС-імен келісілген түрде жүзеге асыруы қажет.
Тұрғын үй және әлеуметтік құрылыс үшін бөлінген массивтерді электржабдықтуға техникалық көрсетпеге қайырылу үшін төмендегілер қажет
— бөліп беруге ұсынылатың массивтерді алдын ала электржүйесі қорғау зонасындағы болашақ құрылыстарды болдырмауға тексеруден өткізу;
— тұрғын үй, аула құрылыстары, қоғамдық ғимараттарды жоғарывольтты электрөткізгішті желілер астында құрған жағдайда, аталған тұтынушылар бұзылу фактілерін жойғанға дейін дереу өшіріледі. Электр өткізгішті ауа желісін нысан құрылысы зонасынан алып шығу, қорғау зонасын бұзған тарап есебінен іске асырылады.
Электрөткізгішті ауа желісінің қорғау зонасы – вертикаль кеңістікпен шектелген ауытқымаған күйде шеткі сымдардан бастап желінің екі қапталына орналасқан төмендегі берілген қашықтықтарда орналасқан жер телімі немесе ауа кеңістігі түрінде қорғау аймағы.
1кВ-қа дейінгі қуаттылықтағы ЖЖ үшін — 2 метр
10-20кВ ЖЖ үшін – 10 метр
35кВ ЖЖ үшін – 15 метр
110кВ ЖЖ үшін – 25 метр
Қордай АЭЖ әкімшілігі