Жұма күні Қордай ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай төрағалық еткен жиынға кеңес мүшелері, аудандағы ҮЕҰ жетекшілері, аудандық этномәдени бірлестік жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Қарабаев пен аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Л.Минискулова 2024 жылға арналған Міндетті әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын баяндап, ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мәліметтерін ҮЕҰ Дерекқорына жыл сайын 31 наурызға дейін ұсыну қажеттігін атап өтті.