БАЛАЛАРДЫҢ БАЛ КҮЛКІСІ ЕСКЕН МЕКЕН

0

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының аясында 2018 жылы тәуелсіздік күніне орай ашылған  «Нұрсила әже» бөбекжай-балабақшасы бүгінде балалардың сүйікті мекеніне айналған. Балабақша басшысы  Лидия Бегалиева, әдіскер Маруан Саудабаева, тәрбиешілер Алтыншаш Ахметова,  Нұргүл Кетебаева,  Алина Сағымбаевалардың жемісті еңбегінің арқасында бүлдіршіндерге сапалы білім, саналы тәрбие берілуде.

Аталмыш балабақшада жақында ашылғанына 2 жыл толуына байланысты «Тәуелсіздік –Ел тірегі!» тақырыбында  аудандық семинар өткізілді. Семинарға Қордай ауданының Құрметті азаматы Сманалы Тұрғынбай, «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дамира Сүгірбай,  «Аналар алқасының» төрайымы  Фатимат Байбекова,  ауданымыздың өнер тарланы Зияш Жазықбаева,  білім бөлімінің әдіскері Рау-шан Әмреева мемлекеттік және жекеменшік балабақша басшылары қатысты. Онда бүлдіршіндер  би билеп, өлең мен тақпақтарын айтып, сахналық көрініс көрсетті.  Семинар жұмысының жемісті өтуіне барлық қонақтар мен балалар атсалысты деуге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.