Ағымдағы жылдын 14 ақпанында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жастар арасында Республикалық кеңес беру алаңы өткізілді.
Кеңеске аудандық полиция бөлімі, пробация, жұмыспен қамту орталығы, жастар денсаулық орталығы, білім бөлімінің мамандары қатысты. Шара барысында жастарға мемлекеттік бағдарламалар, құқықтық, психологиялық, ақпараттық т.б кеңестер берілді.
Қ.НИЯЗБЕК, «Жастар ресурстық орталығы» КММ