ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады.

Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 385,4 тонна ет (сойыс салмақта), 4727,5 тонна сүт, 394,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 8,7 тонна ет, 13,5 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 83503 басқа, қой 455570 басқа, ешкі 9262 басқа,  жылқы 19138 басқа, шошқа 904 басқа, үй құстары 132089 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 552 басқа, ешкі 137 басқа, жылқы 255 басқа көбейіп, қой 14742 басқа, шошқа 925 басқа, үй құстары 7267 басқа азайды.

Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар айында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 1608802 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 100,8%-ды құрады.

Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 476565 мың теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 2700487 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 759229 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 1941258 мың теңгеге сатылды.

Қордай аудандық статистика басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.