БЫЛАПЫТ СӨЙЛЕП, АНАСЫН ҚОРЛАҒАН АЗАМАТ ҚАМАҚҚА АЛЫНДЫ

0

Қордай аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-б. 2-б. (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 2023 жылдың қараша айында Қордай аудандық полиция бөліміне жәбірленуші — құқық бұзушының анасы жүгініп, өзінің баласы Т.-ның масаң күйде отбасында жанжал шығарып, былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсеткенін айтқан.

Т. бұған дейін аталған бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған, яғни құқық бұзушымен әкімшілік құқық бұзушылық қайталап жасалынған.

Сотта  Т. өзінің кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен азамат И. ӘҚБтК-нің 73-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамақ түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.