ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ БАЛАЛАРДЫ ҚЫЗЫҚТЫРАДЫ

0

Қуыршақ театры баланың тұлғасын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Ол үлкен қуаныш әкеледі және өзінің жарықтығымен, түрлі-түстілігімен және динамикасымен баурап алады. Балалардың назарын аударады және олардың жан-жақты дамуына көптеген мүмкіндіктер береді.

Аудандық Мәдениет үйінің жанынан «Думан» атты қуыршақ театры үйірмесі жұмыс істейді. Жақында №51 орта мектептің оқушыларының қатысуымен кітапханашылар Ғ.Асқарова және М.Шурумбаевамен бірлесіп кезекті қойылым қойылды. 3 «Ә» сыныптық оқушылары (сынып жетекшісі З.Шормантаева) «Мақта қыз бен мысық» ертегісін көрсетті. Балалар зор қызығушылықпен дайындалып, бар күшін салды.

Үйірменің репертуарында тағы «Бауырсақ», «Алдар көсе», «Үш торай» ертегілері бар. Үйірме 2021 жылы ашылған.

Қ.Байбулат, аудандық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.