АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ШАРЫҚТАП БАРАДЫ

0

Сәрсенбі күні «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы саяси кеңесі бюросының мүшелерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті. Жиынға сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев, өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Алмаз Әлімхожаев, ауылдық округ әкімдері және азық-түлік сатумен айналысатын ірі кәсіпкерлер қатысты.

Күн тәртібіне бір мәселе көтерілді, ол – аудан дүкендерінің сөрелеріндегі азық-түлік бағаларының шарықтауы болды. Бәріне белгілі, әлеуметтік манызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қадағаланады, десе де өкінішке орай, кей кәсіпкерлер бұл талапты елемейтін сыңайлы. Бұл жайында отырыста кеңінен әңгіме өрбіді. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы есеп берді. Оның айтуынша жергілікті атқарушы органдар бұл бағытта нақты жұмыстар атқаруда. Мәселен, негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша 2 мониторингтік топ құрылған екен. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын зерделеу мақсатында аудандық қоғамдық кеңес мүшелері аудан депутаттарымен бірлесе отырып барлық ауылдық округтегі дүкендерге мониторинг жұмыстарын жүргізіп тұрады.  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын негізсіз көтермеу және тауардың сауда үстемесі 10-15% аспауы мақсатында дүкендер, супермаркеттер мен базар басшыларымен 2023 жылы 394 екі жақты меморандум жасалса, 2024 жылы 132 меморандумға қол қойылды. Жыл сонына дейін 500 меморандум жасасу жоспарлануда. Осы секілді жұмыстарды тізіп өткен Жұлдызбек Бақаевтың баяндамасынан кейін «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы саяси кеңесі бюросының мүшесі, аудандық Қоғамдық кеңес төрайымы Баян Қарамолдаева да партия аудандық филиалы саяси кеңесі бюросының мүшелерімен жүргізілген зерделеу нәтижелерін алға тартты. Нәтижесінде бірқатар дүкендерде тауарлардың жүкқұжаттары, сөрелердегі бағалары жоқ, кейбірінде тіпті бақылау кассалық аппараттары жоқ болып шықты. Осы орайда Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысына ҚР Салық Кодексіне сәйкес сауда операциялары кезінде кассалық аппараттарды қолданбау әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатындығын ескере отырып, аталған сауда дүкендерінің басшыларымен тиісті жұмыс жүргізу керектігі ұсынылды. Ал, өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының негізсіз өсуін және 15%  аспауын жүйелі түрде анықтап, орын алған жағдайда әкімшілік  жаза қолдану үшін іс-шаралар қабылдау жұмыстарын жандандыру ұсынылып, ауылдық округ әкімдеріне де әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақты қадағалау ұсынылды.

Жиын соңында қаулы жобасы әзірленіп, тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.