Баланың тууын тіркеу туралы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

0

Сәбидің дүниеге келуі – әр отбасындағы маңызды және қуанышты сәт. Елімізде бүгінгі күннің талабы барлық саладағы қызметтерді бірдей жетілдіруде, халыққа қызмет көрсету барысында оңайлатылған тәртіпте әр адам өзінің құқығын тиесілі пайдалана алады.

Қазіргі таңда, баланың тууын тіркеп және туу туралы куәлікті алудың тез және тиімді жолы ол – өтініштерді «eGovmobile», екінші дәрежелі «Kaspi», «Halyk» банк қосымшалары арқылы беру, проактивті түрде 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-хабарландыруға жауап жолдай отырып ұялы телефон арқылы қызметті алуға болады.

Сонымен қатар, баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата-аналары немесе басқа да мүдделі тұлғалар бала туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қалауы бойынша жазбаша нысанда не электрондық түрде береді.

Баланың тууын жазбаша нысанда беру үшін мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) ата-анасының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін), ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (акт Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген кезде және АХАЖ АЖ мәліметтер болмаған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхатпен жолыға алады.

Электронды түрде өтініш беру үшін «www.egov.kz» электрондық үкімет порталында тіркелу қажет, егер Сіз тіркелген болсаңыз, ЖСН мен жасырын сөзді немесе ЭЦҚ пайдалана отырып бере аласыз. АХАТ бөлімі Сіздің электронды өтінішіңізді қабылдап, тіркегеннен кейін Сізге автоматты түрде баланың туу туралы куәлігі қашан дайын болатыны, АХАТ бөлімінің мекенжайы көрсетілген хабарлама келіп түседі. Хабарламада көрсетілген күні АХАТ бөлімінен баланың дайын туу туралы куәлігін алып кете аласыз. Дайын құжатты алуға келгенде арыз берушінің өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет (ата-анасы бірге немесе біреуі). Баланың тууын тіркеу – 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Тууды мемлекеттік тіркеу – тегін.

М.Намазалиева
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ  Жамбыл облысы бойынша филиалының  Қордай аудандық АХАТ бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.