МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША

0

Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі    «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық  разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,  біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi  орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Осы Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидалары   «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және  спорт  төрешілеріне  біліктілік  санаттарын  беру  тәртібін  айқындайды.

Спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  № 9902  болып тіркелген «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет  және  спорт министрінің  міндетін  атқарушының  2014  жылғы      28 қазандағы № 56 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Қордай ауданы әкімдігінің спорт бөлімі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.