«КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ ЕКЕНІН ҰМЫТПАЙЫҚ»

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялағаны өте орынды болды. Себебі бұл қазіргі таңда еліміздегі ең күрделі проблемалардың бірі.

Президент өз сөзінде су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланғанын тілге тиек етіп өтті.

«Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.

Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.

Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салып жатыр», — деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы осы жағдайдан сабақ алып, тиісті қорытынды шығаруымыз қажеттігін атап өтті. Осындай қиын сәтте бір-бірімізге демеу болайық. Бірлігімізді танытып, Президентті қолдап, апат салдарымен жұмыла кірісуіміз маңызды. Күшіміз бірлікте екенін ұмытпайық.

Камила Дургалова, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.