«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Бетқайнар ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округі және оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.
Төраға А.Сырлыбаев
Хатшы Г.Ниязгулова
Қордай ауылы / 11 қараша 2026 жыл / №09