«ҚИЫНДЫҚТЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЕҢСЕРЕМІЗ»

0

Бірнеше күннен бері жұртты әбігерге салған тасқын су мәселесіне қатысты Мемлекет басшысы халыққа үндеу жариялады.

Президент қазіргі таңда қарғын судың салдарын жоюға бағытталған шараларға тоқталып, бұл жағдайдан барынша сабақ алудың маңыздылығын атап өтті.

– Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі, -деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Мемлекет басшысының халыққа арнаған үндеуі баршамызға, әсіресе қазір толарсақтан су кешуге мәжбүр болған халыққа үлкен қолдау болғаны, көңілдеріне сенім ұялатқаны рас.

Зардап шеккен әр отбасының шығыны әділ түрде бағаланып, мемлекет тарапынан тиісті өтемақы алады деген сенімдеміз.

Расул Беделбаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.