Жоғары саяси мәдениеттілік және азаматтық кемелдік

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарын құттықтай отырып, бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. 

«Депутаттар әрдайым қоғам тынысын аңғарып, тамырын дөп баса білгені жөн. Парламент – ел мүддесі үшін тер төгіп, аянбай қызмет істейтін қайнаған жұмыстың ортасы. Халқымыз бізден оң өзгерістер күтетінін әрдайым есте ұстаған абзал», деді Президент. Сондай ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы «Өткен сайлау еліміз үшін дамудың жаңа парағын ашты. Осы маңызды оқиға мемлекеттілігіміздің тұғыры берік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қазақстан қоғамының жоғары саяси мәдениетін және азаматтық кемелдігін танытты. Барлық өңірдегі дауыс беру нәтижесі мемлекеттің стратегиялық бағдарын халқымыз жаппай қолдайтынын байқатты. Біз болашаққа сеніммен бет алу үшін қажетті алғышарттарды бірге жасадық. Саяси ұстанымдарымыз әртүрлі болса да, міндетіміз – бір. Бәріміздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанды қуатты елге айналдыру. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың көппартиялы жаңа құрамы қоғамдағы саяси бәсекенің арта түскенін көрсетті», деді халық қалаулылары алдында.
Мемлекет басшысы бірқартар жаңашылдық идеяларымен де бөлісіп, ортаға ой салғаны да қуантарлық жағдай. Мәселен, Президент: «Бізде омбудсмен институты бар. Бірақ, ол әзірге өзінің әлеуетін толық көрсете алмай отыр. Сондықтан, жақын арада Омбудсмен туралы арнаулы заң қабылдауымыз керек», деді. Ендеше жаңа құрамдағы депуттардың алғашқы қабылдар, талқылар заңдары осы бағытта басталуы мүмкін. Бұл жұмыстарына үлкен серпін береді деп сенеміз.

Төле Сүгірбай, Қордай ауданының Құрметті азаматы

Leave A Reply

Your email address will not be published.