Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 1 бабының 1 тармағы 42) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің қызметін декларациялау – жұмыс берушінің қызметін ол берген өтініш негізінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп тану рәсімі.
Жұмыс беруші «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталындағы жеке кабинетінде жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы бойынша жұмыс берушінің қызметі туралы өтінім-декларация (бұдан әрі – декларация) толтырады және оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұйымның орналасқан жері бойынша еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органға жібереді.
Жұмыс беруші қызметінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешімді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 200 бабына сәйкес қызметі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп танылған жұмыс берушілерге үш жыл мерзімге Сенім сертификаты табыс етіледі.
Жұмыс беруші — Сенім сертификатының иегеріне қатысты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізбейді.
Осыған орай, Сенім сертификатын алуға еңбек инспекциясы басқармасына өтінім беруге болатынын назарларыңызға жеткіземіз.
Н.Сейдалиев, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары