ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

0

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу апталығы аясында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықта-рын қорғау жөніндегі комиссия полиция бөлімімен бірлесіп, түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылыққа бейімділігін болдырмау бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына, алкогольдік ішімдіктер мен өзге де зиянды заттарды пайдалануына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған рейдтік іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.