Кең-байтақ даламызға көктемнің шуақты күндерімен бірге еніп келетін Наурыз мейрамын жұртшылық болып, өз деңгейінде күтіп алдық. Аулалар мен саябақтар тазартылып, айнала көкке оранды. Дегенмен, аудандағы сенбіліктер легі әлі бәсеңдемей жалғасын тауып жатыр.
Президенттің тапсырмасымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» атты акциясы белең алып, әр сенбілік бөлек тақырыппен өтуде. Осылайша өткен сенбі күні қордайлықтар бір болып тағы да жалпыхалықтық сенбілікке шықты. «Киелі мекен» тақырыбында аудандағы барлық ескерткіштер маңын тазалау жоспарланды. Әдеттегідей көпке үлгі болсын, деп сенбілікті аудан әкімі Бегзат Болатбеков бастап шығып, аудандық Мәдениет үйінің алдына ағаш көшеттерін екті. Осы күні мемлекеттік мекемелер және түрлі ұжымдар өкілдері өздеріне белгіленген ескерткіштер алдын, маңын тазалап, көшеттер екті.
Тазалық акциясына шыққан қордайлықтар маңызды іске бейжай қарамай, абаттандыру жұмыстарына бір кісідей жұмылып, алтын уақыттарын бөлгенін ерекше атап өту керек.