«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ

0

«Таза Қазақстан»  республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы «Жасыл аймақ» деп аталады. Бұл аптада еліміздің барлық өңірлерімен қатар Қордай ауданының ауылдарында  көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Акцияны ең бірінші болып «BILIM DOS»  жекеменшік  бастауыш мектебінің оқушылары бастап,  ата-аналарымен бірге мектеп ауласына және Қордай ауылындағы орталық саябаққа 50-ге жуық тал көшеттерін отырғызды.

Бастауыш сынып оқушылары әкелерімен бірге қолдарына күрек алып, саябақтағы жол жиектеріне жағалай ағаш екті.

Айта кетейік, сенбі күні Масаншы ауылына барар жолға және орталық көше бойына 300-ден астам тал көшеттері егілген болатын. Ауыл тұрғындарының бастамасымен қолға алынған шара барысында ағаш егумен қатар, жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылымызда үшінші апта тазалық жұмыстары үздіксіз атқарылуда. Қариялар да қалыс қалмай, қолдан келгенше атсалысып, туған жерімізді гүлдендіруге үлес қосудамыз. Бұл игі шараларға ауыл жастарын көптеп қатыстыруға тырысудамыз» — дейді Масаншы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Малиев.

Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы барысында Қордай ауданында 2 мыңға жуық   тал көшеттері егіліп, 5800 тонна күл-қоқыстар шығарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.