123 ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

0

Жуырда Қордай ауданы бойынша мансап орталығы жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

 

Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 32 мекемеден түскен 123 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде, білім саласы бойынша 29 бос жұмыс орны, денсаулық сақтау бойынша 28 бос жұмыс орны, әртүрлі жұмыстар 56 бос жұмыс орны, заңгер 1, экономика 9.

Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 20-дан астам азаматтың ішінен 3 азамат «Білім академия» мектебіне сұхбаттасуға, 1 азамат «№7 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына», 1 азамат Қордай аудандық ауруханасына, 2 азамат Қордай ауданы әкімдігінің білім бөліміне және «ҚазАвтожол» мекемесіне 2 азамат, пробация есебінде тіркеуде тұрған 1 азамат «Флагман» сауда үйіне, 1 азамат жастар практикасы бойынша Қордай аудандық ауруханасына сұхбаттасуға жолданды және барлық жұмыссыз азаматтар бос жұмыс орындарымен танысты.

Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқудың, «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқудың, мемлекеттік қайтарымсыз грант берудің шарттары туралы және солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен ақпараттық

түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.