Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың тапсырмасына сәйкес су тасқынының алдын алу бойынша арнайы құрылған жұмыс тобы аудандағы барлық су арналары мен каналдарға зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
налары мен каналдарға зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Осы мақсатта аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қанат Иманқұлов колхоз зонасындағы ауылдарға арнайы барып, каналдарға зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Топ өкілдері Қаракемер мен Масаншы ауылын жағалай ағатын канал суының деңгейін бақылап, жауапты сала мамандарына кеңейту жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берді. Шұғыл түрде жұмыстар басталып, арнайы техникалардың көмегімен кеңейту жұмыстары жасалды.
Сонымен қатар, Қарасай ауылында болып, аталған мақсаттағы жұмыстарға зерделеу жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары мұнда да су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Салаға жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеп, су деңгейін үнемі бақылауда ұстауды ескертті.