17 сәуір күні Арал
ауылынан Жамбыл
ауылына қатынайтын
балалар мінген
автобус жол-көлік оқиғасына түсті.
2-ші ауысымның 8 баласын Арал ауылынан Жамбыл ауылына жеткізу кезінде балалар тасыған көлік қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікпен соқтығысқан. Нәтижесінде 8 бала ауруханаға жеткізілген. 1 бала жансақтау бөліміне түскен, 2 оқушы ем-дом алып жатыр. Қалған балалар үйлеріне қайтарылған.
Анық болғандай, балалар 2-4 сыныптың оқушылары. Жалпы Арал ауылынан 47 бала көршілес Жамбыл ауылына тасымалданып оқиды. Олар Жамбыл ауылындағы №26 ОМ білім алады. Тасымалдауды 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап жеке кәсіпкер қолға алған болатын.
Осы күні аудан әкімі
Бегзат Болатбеков аудандық орталық ауруханаға барып, балалардың жағдайын көріп, дәрігерлерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге, оқушылардың ата-аналарымен сөйлесіп, барлық жағдайды өзінің тікелей бақылауына алғанын айтып, сабырға шақырды. Сондай-ақ, бірқатар жауапты мамандарға тапсырма жүктеді.