Қордай ауданында 3 елді мекенге магистралды газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Қарасай, Еңбек ауылдары мамыр айының соңына дейін, ал Керу ауылына шілде айында аяқталуы жоспарлануда.
Сондай-ақ, Гвардейск қалашығы, Бәйтерек, Бел, Мұзбел, Аңырақай ауылдары бойынша сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Жоспар бойынша 2025 жылға дейін ауданның барлық елді мекендері 100 пайыз табиғи газбен қамтылады.
Қордай ауданында былтыр 51,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нақтысы, 3 елді мекенде: Ноғайбай, Сарыбастау, Шарбақты.
Аудан әкімінің айтуынша, өткен жылы мемлекет тарапынан үй кезегінде тұрған азаматтарға 240 пәтер қолданысқа берілген. Биыл 236 қордайлықтың баспана мәселесі шешімін таппақ.
Сонымен қатар «Асар» жобасы аясында өткен жылы жергілікті кәсіпкерлер тарапынан демеушілік танытып, 15 тұрғын үй мұқтаж отбасыларға қолданысқа берілді.
Биыл Қордайда «Central Asia Gold Production» ЖШС — құрамында алтын бар кенді бастапқы қайта өңдеу бойынша өндірістік кешенінің құрылысы, «Бай Нұр» ЖШС — жылына 5,8 мың тонна қуаттылығымен (1500 бас ІҚМ) сүт фермасының құрылысы, «Куленов» ШҚ — жылына 2,2 мың тонна қуаттылығымен (200 бас ІҚМ) сүт фермасының құрылысы және «Қалдыбай тегі» ШҚ — жылына 2,5 мың тонна қуаттылығымен көкөніс қоймасының құрылысы, «Gold Invest Capital» ЖШС — мыс өндіру зауытының құрылысы, «Insider group» ЖШС — жел электр қуатын өндіретін жел паркінің құрылысы жоспарланып отыр», — деді аудан басшысы Бегзат Сейсенқұлұлы.
Сонымен қатар, ауданда индустриалдық картадан тыс іске асып жатқан жобаның бірі — «KORCEM» ЖШС-нің цемент зауыты. Аудан әкімі аталмыш пилоттық жоба жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жұмысын бастайтынын жеткізді.