24 сәуір күні Қордай аудандық Мәдениет үйінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинары өтті.
Оқыту-семинарына Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық прокуратура өкілдері, жергілікті атқарушы органның сайлау процесіне қатысты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері шақырылған.
Оқу-семинарында дәріскерлер «Сайлау құқығының принциптері және сайлау жүйелерінің негізгі аспектілері туралы», «Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, олардың мәртебесі және өкілеттіктері туралы», «Сайлаушылар тізімін қалыптастыру тәртібі, тізімге енгізу, таныстыру және сайлау округтері мен учаскелерін құру жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы байқаушылардың қызметін қамтамасыз ету, сайлау алдындағы үгіт, cайлау науқандарын ақпараттық сүйемелдеу туралы», «Дауыс беру тәртібі және дауыс беру қорытындыларын анықтау туралы», «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы», «Сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру туралы», «Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау заңнамасындағы құқықтық жауапкершілік туралы», «Кәсіби қарым-қатынаста тиімді коммуникацияларды құру әдістері. Стресс-менеджмент» тақырыптары бойынша дәріс оқып, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар шара барысынла №511 учаскелік сайлау комиссиясының ұйымдастырумен «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны өткізілді. Жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері біліктілігін арттыруға арналған тақырыптарды бекітуге арналған тестілеуден өтті.
Семинардың соңында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов қатысқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сертификаттарды табыстап, сәттілік тіледі.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы