БОС ТҰРҒАН ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

0

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі және тарихи — өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры (1 бірлік) лауазымына конкурс жарияланады.

Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

-педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бос тұрған «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі және тарихи- өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

080400, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, № 106, анықтама үшін телефон: 8 (72636) 2 13 97, (cultura_kordai@mail.ru)

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі және тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры (1 бірлік).

Лауазымдық міндеттері:

мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді;

шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

саябақтың және оның бөлімшелерінің аумағында эстрадалық театрлар,

кинодәрістер, планетарийлер, кітапханалар, би және ойын павильондары, алаңдар, мұз айдындар, шаңғы және қайық станцияларын, мәдени-тұрмыстық және спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру базаларын, әртүрлі аттракциондар мен халыққа қызмет көрсететін нысандарды, сондай-ақ үрмелі аспаптар мен эстрадалық оркестрлерді, көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлі секцияларды ұйымдастырады, бақ-саябақ шаруашылығының дамуын және

сақталымын қамтамасыз етеді; білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмек көрсету жұмыстарына тартады; қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, көтермелейді, шығармашылық бастамаларын ынталандырады; ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.

Білуі тиіс:

Конституцияны;

Бюджет кодексін;

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін;

Еңбек кодексін;

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын.

Кәсіпорын қызметінің түрлері, нысанасы мен мақсаттары:

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты нарықтық кезеңге сай халық

шығармашылығының дамуына методикалық және ұйымдастырушылық және әдістемелік қызметін дамыта отырып, ассоциациялармен, өндірістік

кәсіпорындармен, мәдени ұлттық орталықтармен, қоғамдық бірлестіктермен, және жеке азаматтармен бірлесе отырып, халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін дамыту және нығайту мақсатында көмек көрсету, мәдени дамуы мен мәдени-ағарту ісіндегі функцияларын атқару болып табылады.

Қазыналық кәсіпорын көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін

қызметтің мынандай нысанасын жүзеге асырады:

-Мәдени-демалыс саласындағы аудандық бағдарламаларды, халық

творчествасының дамуына жарнамалық және әдістемелік нұсқауларды, қазіргі кезеңдегі талаптарға сай мәдениет саласындағы мәдени-демалыс мекемелерінің кезеңге сай нысан және әдістемелік жұмыстарын орындау және әзірлеу;

-Қазақ халқының және де ауданда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің

мәдени руханиятын дамытудағы үгіт-насихат жұмыстары, ұлттық салт- дәстүрлерді, ұлттық мейрамдарды қалыптастыру, әсіресе халық

шығармашылығындағы қалыптасқан жанрларды жаңарту;

-Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс саласындағы жұмыстарды нығайтуға ықпал ете отырып, халықаралық байланысты және

мәдени-ұлттық орталықтардың рухани дамуын арттыру;

-Әлеуметтік-шығармашылық тапсырыстар негізінде, халық

шығармашылығының қалыптасқан, фольклорлы-этнографиялық, хамандас

түрлері мен жанрларының кешенді нысандарының бағдарламаларын әзірлеу;

-Халық шығармашылығындағы және мәдени-демалыс саласындағы бағыттардың ережелерді, нұсқамаларды және басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеу;

-Мәдени саладағы профильді клубтар және өзіндік есеп айыру

қолданысындағы орталықтар, шығармашылық коллективтер және қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;

-Халық шығармашылығының және мәдени-демалыстың дамуында үнемі

бар басқарма органдарының, аудандық мәдениет бөлімінің, басқа да органдар мен мекемелердің әлеуметтік-шығармашылық тапсырыстары негізінде

фестивальдар, көрмелер, конкурстар, семинарлар және шығармашылық

лабораториялар ұйымдастыру;

-Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, халық шығармашылығында және мәдени-демалыс саласында жаңа әдістемелік

кеңесшілікті, әдістемені, тәжірибелік көмекті үйлестіру, төлемді қызмет

көрсету, өзіндік есеп айыру қолданысындағы студияларды, сценариялық топтарды, шеберханаларды ашу, мәдени және өнер бағытындағы қоғамдардың, бірлестіктердің және басқа да өзіндік есеп айыру қолданысында құрылған ұйымдардың құрылтайшысы болу;

-Қалыптасқан тәртіптерге сай өз қызметінде баспа беттерінде жергілікті

ақындардың және композиторлардың шығармаларын, жақсы көрсеткіштегі

өнерпаздар коллективтерінің шығармаларын үздік тәжірибе ретінде баспа материалдарын шығару. Әлеуметтік-шығармашылық тапсырыстары негізінде

тематикалық мейрамдардың және кештердің төлемақы негізінде сценарияларын дайындау. Өз шығармашылық өнімдерін мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық ұйымдарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және жеке азаматтарға сата алады;

-Көркемөнерпаздар коллективтерінің репертуарларындағы жаңалануы

және ақпараттандырылуы жоспарлы жұмыстар арқылы енгізіліп, әлеуметтік шығармашылық тапсырыстары негізінде көркемөнерпаздар коллективтерінің жаңа шығармаларын әзірлейді;

-Көркемөнерпаздар коллективтерінің ақын, жырау, жыршы, термеші

мектептердің және мәдени-демалыс мекемелерінің басшыларының біліктілігін арттыруға атсалысады;

-Мемлекеттік, қоғамдық мекемелер мен ұйымдарға және жеке

азаматтарға төлемақы негізінде жасалынған келісім шарт талаптарына сай мәдени-бұқаралық шараларды өткізуді ұйымдастырады;

-Құрылтайшы органның келісімімен шығармашылық қызмет саласында

халықаралық байланысты атқарады;

-Кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырады, ғимараттарды жалға береді.

Кәсіпорынның өз құзіретінің мақсатына сай емес қызметпен айналысуына құқығы жоқ.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының

көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек

шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, күнтізбелік он күн ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би, № 106, мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымға үміткерлер үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.