Қарулы Күштердегі әскери тәрбиешілердің төл мерекесі аталып өтті

0

Қарулы Күштер құрамындағы тәрбиеші офицерлердің төл мерекесіне биыл 28 жыл толып отыр. Осыған орай Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарларына алғыс жарияланып, грамоталар табыс етілді. Шара барысында санитарлық нормалар ескеріліп, арақашықтық сақталды.

Жеке құрамның тәрбиесіне жауаптылар жеке құрамның моральдық дәрежесіне және тәрбиесіне жауап беретін тәрбиеші офицерлердің алатын орны ерекше.

Тәуелсіздіктің таңы атқан тұста рухани құндылықтар ескіріп, әскери ортада оның орны білінді. Осы орайда 1993 жылдың 19 қаңтарында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығы жарық көріп, әскерлерде тәрбиеші офицерлер институты қайта жанданды. Міне, содан бері әскери ортадағы тәрбиеші офицерлер өздеріне жүктелген міндетті үлкен абыроймен арқалап келеді.

Әмір — бұйрыққа негізделген әскери ортада да, сөз үлкен қару. Әскерге шақырылған жас сарбаздарға алғашқы күндерден бастап әскери өмірдің қыр-сырын үйретіп, оларды әскери қызметке бейімдеп, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жүргізе отырып, сөзбен түсіндіретін осы тәрбиеші офицерлер.

Мемлекет мүддесін қорғайтын барлық саяси іс-шаралардың алдында, қоғамдық ұйымдар мен ата-аналармен жұмыс жасау, әңгіме-сұхбат өткізу, барлық мерекелік іс-шаралар жұмыстарында да концерттік бағдарламаларды да осы тәрбиеші офицерлер ұйымдастыратыны сөзсіз. Олар өздерінің саяси білімдерін пайдалана отырып, әлемдегі болып жатқан жаңалықтарды жеке құрамға жеткізеді және оқиғаларға талдау жасап, таным көкжиегін кеңейтіп отырады. Олар өз бойындағы мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен, білгір-білімділігімен және ой-өрісімен жеке құрамға үлгі-өнеге.

Жауынгер жүрегіне жол таппқан тәрбиеші офицерлерімізді бүгінгі мерекелерімен құттықтай отырып, өткір де шыншыл сөзбен қаруланған идеологиялық майданның алдыңғы шебіндегі мамандарға үлкен шыдамдылық, таусылмас, сарқылмас қажырлы қайрат, зор денсаулық және жауынгерлік табыстар тілейміз!

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.