«КІТАП – СӘУЛЕ, НҰР БЕРЕР ШЫРАҒЫМЫЗ»

0

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Тараз қаласында «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің алаңында «АRT& SCIENCE: Білімге деген құштарлық» JAMBYL BOOK FEST кітап фестивалі өтті.

Кітап фестивалінің мақсаты: кітап пен ғылымды дәріптеу, ғылыми-танымдық әдебиеттерді, шет елдік және қазақстандық жазушылар мен олардың шығармаларын насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау; жастардың ғылымға және ғылыми әдебиеттерге қызығушылығын арттыру, олардың кітап оқуға, ғылым мен көркем әдебиетке, мәдениет пен өнерге деген құштарлығын ояту, оқырман мәдениетін дамытып, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін біріңғай алаң құрып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін жоғарлату.

Кітап фестиваліндегі «Оқуға құштар оқырман» оқу марафонына өңірдегі кітапханалардың оқырмандары арасынан Қордай ауданынан «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Абсабиров Еркін  «Үздік оқырман», яғни  2023 жылы ең көп кітап оқыған оқырман ретінде таңдалып, «Үздік оқырман» лентасы мен сыйлық алды.

Аудандық орталық кітапхана

Leave A Reply

Your email address will not be published.