БІТІРУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «САРДАР» КУРСЫ

0

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасы бойынша бітіруші курсанттар үшін «Сардар» бақылау-кешенді курсы ұйымдастырылды.

Сеніп тапсырылған бөлімшелердің командалық-бақылау және жауынгерлік пайдалану тапсырмаларын орындауға дайындық кезінде білім сапасы мен қажетті дағдыларды меңгеру деңгейі тексеріледі.

Курс кезеңдерінің бірі Гвардиялық гарнизонда өтті. 22326 және 21450 әскери бөлімдерінің базасында қару-жарақ пен әскери техниканы техникалық қамтамасыз ету, пайдалану, жөндеу бойынша кешенді бақылау оқу курсы және нұсқаушы-әдістемелік сабақтары өткізілді.

Іс-шараға орай бес оқу пункті ұйымдастырылды. Онда тәжірибелі офицерлер мен сержанттар теориялық сабақтар өткізіп, қаруды пайдалануды, бақылау жүгірісі кезінде атқарылатын негізгі жұмыстарды, зақымданған көліктерді жинау пунктін орналастыруды іс жүзінде көрсетті.

«Сардар курсы бітіруші курсанттарға өз салалары бойынша білімі мен дағдыларын тереңдету мүмкіндігін беріп қана қоймай, болашақ командирлерді дайындауда маңызды рөл атқарады. Біздің әскерде көптеген білікті мамандар бар, оның ішінде техникалық салада дәріс беретіндер де баршылық. Осындай азаматтардың тәжірибелері мен кәсібилігінің арқасында курсанттар болашақ қызметінде көмектесетін құнды сабақтар мен кеңестер ала алады», — деді 4-курс курсанты Нұрқанат Жабықбай.

Сабақтардың соңында курсанттарға әскери техниканы ұзақ мерзімді сақтау орындарынан шығару тәртібі, броньды машиналарды сақтау түрлері мен әдістері, сондай-ақ автокөліктерді сақтауға қою жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру негіздері көрсетілді.

Айта кету қажет, техникалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша оқып жатқан курсанттар оқуды бітірген соң взвод командирлері, жөндеу бөлімшелері роталарының және автомобиль, броньды танк техникалары қызметінің басшылары болып шығады.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.