ОКРУГТЕР БЮДЖЕТІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

0

16 мамыр күні Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов пен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Депутаттар ауылдық округтердің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарап, ол бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева егжей-тегжейлі баяндама жасады. Сондай-ақ сессияда Қордай ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті және Қордай ауданы бойынша жергілікті қоғамдастықтардың жекелеген жиындарын өткізу тәртібі бекітілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.