Буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0

№23 Т. Рысқұлов атындағы орта мектепте оқушылар арасында буллингтің алдын алу мақсатында түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында буллингтің мәні мен оның кері әсері түсіндіріліп, қорлау, кемсіту, психологиялық қысым көрсету және кибербуллинг әрекеттеріне жол бермеу мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар оқушыларға өзара сыйластықты сақтау, бір-біріне құрметпен қарау, қиын жағдайға тап болған құрдастарына қолдау көрсету және кез келген қысым көрсету әрекеті туралы дер кезінде хабарлаудың маңыздылығы айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.