«ЕКІ ҚОЛҒА – БІР КҮРЕК»

0

Бейсенбі күні Қордай ауданы бойынша «Мансап» орталығы тарапынан жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар, оқуын жаңа аяқтаған түлектер және пробация есебінде тіркеуде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар қатысты.

Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 33 мекемеден түскен 97 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде білім саласы бойынша 11 бос жұмыс орны, денсаулық сақтау бойынша 21, әртүрлі жұмыстарға 60, заңгер 1, экономика саласына 4 бос жұмыс орны ұсынылды.

Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 30-дан астам азаматтың ішінен 11 азамат тұрақты жұмыстарға сұхбаттасуға, 2 азамат «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына, 3 азамат «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына, 4 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 азамат «Күміс жас» бағдарламасы бойынша жұмысқа жолданды.

Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқу, «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар тәжірибесі», солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.