ҚР Еңбек министрлігі субсидияланатын жұмыс орындарының ережесін жаңартты! Енді барлық процесс электронды форматқа көшіріліп, Еңбек биржасы арқылы жүзеге асады. Шарттар мен талаптар толықтай айқын әрі ашық.
Кімдер қатыса алады?
Коммерциялық компаниялар, ЖК және КҚ (1-ден 5-ке дейін жұмыс орны).
ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар): қалаларда 10-ға дейін, өңірлерде 5-ке дейін.
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор (1-ден 5-ке дейін).
Ауыл әкімдіктері мен коммуналдық кәсіпорындар: ауыл тұрғындары санының 2%-дан 5%-ға дейін.
Жұмыс берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
Қызмет мерзімі — 12 айдан астам.
Банкроттық рәсімінде болмау және жалақы бойынша қарыздың болмауы.
Соңғы жыл бойы тұрақты түрде әлеуметтік аударымдар жасау.
Бағдарламаның өткен кезеңдерінің қатысушыларын тұрақты жұмысқа орналастыру.
Маңызды: Мемлекеттік бюджеттен басқа бағдарламалар (жан басына шаққандағы қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу) бойынша қаржы алатын ұйымдарға бұл субсидия берілмейді.
Өтініш беріп, іріктеуден өту рәсімі толығымен Электронды еңбек биржасы арқылы онлайн жүргізіледі!