Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа комиссияның мүшелері және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысып, күн тәртібіне сәйкес 4 сұрақ қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – аудандық терроризмге қарсы комиссиясының отырыстарында қабылданған хаттамалық шешімдердің орындалу барысы туралы болды. Бұл бойынша терроризмге қарсы комиссия хатшысы Ержан Хамитхожаев баяндама жасады.
Екінші сұрақ бойынша сөз алған «Жастар ресурстық орталығының» директоры Расул Беделбаев жастар арасында деструктивті діни идеялардың таралуына жол бермеу, алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстардың тиімділігі және оны жетілдіру жолдары жайын баяндады.
Комиссияның күн тәртібінен түспейтін дәстүрлі емес діни ағымның жетегінде жүрген аудан азаматтарын оңалту бағытында жүргізілген жұмыстар туралы Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» Қордай аудандық бөлімшесінің инспекторы Мұхтар Саидов есеп берді.
Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағым өкілдерін анықтау бағытындағы учаскелік полиция инспекторларының атқарған жұмыстары туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Рауан Өскенбаев баяндады.
Жиында көтерілген мәселелер бойынша комиссия төрағасы жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.