ЕРІКТІ ЖАСАҚШЫ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы 866 қаулысымен бекітілген «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту» Қағидасы негізінде, бүгінгі күнде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментімен, шекара маңындағы аудандардың жергілікті тұрғындары қатарынан ерікті жасақты құру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Адамдардың Мемлекеттік шекараны қорғауға жеке қатысуы Мемлекеттік шекараны, Мемлекеттік шекара режимін, өткізу пункттеріндегі режимді, шекаралық режимді бұзудың өздеріне белгілі болған фактілері мен әрекеттері туралы хабарлау жолымен Шекара қызметі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдеріне көмек көрсету арқылы көрініс табады.

Атап өту қажет, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай батыр ауылының тұрғыны — ерікті жасақшы мүшесі Айдар Талапбекұлы Абдибаев есімді азаматымыз, Қарасай батыр елді мекені аумағындағы шекара аймақта ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу барысында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын Қырғыз Республикасы аумағынан қасақана бұзып өткен 2 (екі) күдікті азаматтарды анықтап, Қордай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қарасай батыр» шекара бөлімшесіне хабарлаған. Артынша шекара бөлімшенің дабыл тобы белгіленген орынға шұғыл жетіп, 2 (екі) Пәкістан Исламдық Республикасының азаматтарын ұстаған.

Қазіргі күнде ұсталған шетел азаматтарының үстінен, ҚР Қылмыстық кодексінің 392 бабы 1 бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған, тергеу амалдары жүргізілуде.

Осылайша, ерікті жасақшы көмегімен ұсталған қылмыскерлердің Отанымыздың шекарасын кесіп өтуге бағытталған пиғылына тосқауыл қойылып, қылмыстық әрекеттің жолы кесілген.

Бұл істеген ерлігі үшін азамат А.Т. Абдибаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Директоры атынан бағалы сыйлықпен   марапатталған.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 16 қаңтардағы 70-V Заңының 77 бабында көзделген талаптаныа сәйкес, —

«Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтар, шекара қызметіне жәрдем көрсетуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықты жасаған адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелеріне, құқық қорғау немесе өзге де уәкілетті органдарға жеткізуге міндетті»-екендігін ескеріп, шекара кеңістігіндегі жергілікті тұрғындар қатарынан азаматтарды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау ісіне белсенді қолдау көрсетулеріңізді сұранамыз!

ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.