Еңбек дауы – бұл арнайы юрисдикциялық органның рұқсатына түскен еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келіспеушіліктер.
Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкер заңмен тыйым салынбаған барлық әдістер мен рәсімдерді қолдана отырып, өзінің еңбек құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқылы.
Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашада қабылданды және 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген.
Мәселен, Еңбек кодексінде жеке еңбек дауларын келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер бойынша не келісу комиссиясының шешімін орындамау бойынша – шағын кәсіпкерлік субъектілері мен заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, соттар қарайды деп көзделген.
Келісім комиссиясы ұйымда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілдерінің тең санынан тепе-тең негізде құрылатын тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс тәртібі, келісу комиссиясының мазмұны мен шешім қабылдау тәртібі, келісу комиссиясының өкілеттік мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілдері арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленеді.
Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш берілген күні көрсетілген комиссия міндетті түрде тіркеуге тиіс.
Дау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзіне берілген өкілеттіктер шегінде өтініш берушінің және (немесе) ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады.
Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешім қабылданған күннен бастап үш күн мерзімде оның көшірмелерін беруге міндетті.
Жұмысқа қайта орналыстыру туралы дауды қоспағанда, келісу комиссиясының шешімі ол белгілеген мерзімде орындалуға тиіс.
Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда қызметкер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы.
Келісім комиссиясының тараптары келісім комиссиясының мүшелерін Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздеріне жыл сайын оқытуды, келіссөздер жүргізу қабілетін дамытуды және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізуді жүргізуге міндетті.
Егер тараптар келісу комиссиясы арқылы дауды шешуге тиісті келісімге келмеген жағдайда, сотқа тиісті талабымен қайырылуға құқылы.
Е. Ілиясов, Қордай аудандық сотының төрағасы