АУДАННЫҢ ҚАҢТАР-СӘУІР АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 2409,2 тонна ет (сойыс салмақта), 20797,3 тонна сүт, 4613,4 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 89,4 тонна ет, 157,4 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 89628 басқа, қой 543817 басқа, ешкі 14618 басқа,  жылқы 19185 басқа, шошқа 1584 басқа, үй құстары 129153 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5360 басқа,  ешкі 2545 басқа, жылқы 382 басқа, үй құстары 7045 басқа көбейді, қой 4999 басқа, шошқа 676 басқа азайды.

Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 6781800 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 101,4%-ды құрады.

Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар- сәуір айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 14189947 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2280928 мың теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 12680618 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 4730045 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 7950573 мың теңгеге сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.