Жемқорлықтың ауыздықталатыны сөзсіз

0

Біздің мемлекетіміз ТМД елдері арасында бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негізгі қағидаларын анықтайтын «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын қабылдады. Жылдар өтті, аталған мәселеге деген талаптар күшейе түсті. Нәтижесінде аталған заңнама алдыңғы қатарлы мемлекеттердің заман талабына сәйкестендірілген тәжірибелеріне сүйене отырып қайта жаңғыртылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрестің қылмыстық-құқықтық шаралары бойынша құзыреттерді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы құрылды.

Жаңа заңнамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің шеңбері артып отыр. Яғни, уәкілетті органнан бөлек оған квазимемлекеттік сектор, қоғамдық бірлестіктер және басқа да жеке және заңды тұлғалар жатқызылған. Оған қоса, Заңмен жемқорлықтың алдын алудың жаңа механизмдері енгізілуде.

Жалпы, жемқорлық қайдан туады? Ол адамдар арасындағы қарым-қатынастан басталады. Қоғамда өмір сүрудің заңды жолдары сақталса, яғни заңдар басшылыққа алынса, жемқорлық болмайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті» деп тайға таңба басқандай етіп жазылып қойылған. Заңның осы және басқа да талаптары сақталатын болса, азаматтардың заңға деген құрметі мейлінше арта түссе, онда жемқорлықтың ауыздықталатыны сөзсіз.

Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Арман Жылыбаев, Кенен ауылдық округінің әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.