2024 жылдың 14 шілдесінде Қордай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қордай» шекара бөлімшесінің қызметкерлері шекараны заңсыз өтуге ниеттенген екі азаматты ұстады.
Мемлекеттік шекараны бұзу туралы белгі таңғы сағат 4:46 шамасында түсті. Дабыл қағылып, дереу оқиға орнына «Дабыл тобы» шекара наряды аттанды. Бейне камералардың көмегімен олар екі азаматты ұстап, теріс әрекетіне тосқауыл қойылды. Олар Қырғызстан және Қазақстан республикасының азаматтары болып шықты. Осылайша мемлекеттік шекараны заңсыз бұзу әрекетіне жол берілмеді.
«Қасиетті шекарамыздың шебін сенімді күзету және қорғау, оны шекарашыға тән шеберлікпен орындау біздің басты парызымыз», — дейді әскерлер.