Тамылжыған тамыз айының басынан дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алды. Қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсететін игі істен Қазақстан халқы Ассамблеясы қалыс қалған емес.
Биылғы науқанда Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылында ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері мен ауыл жастары да бір кісідей жұмыла кірісіп, елдік пен кеңдіктің үлгісін көрсетуде. Дәлірек айтсақ, акция аясында округтің төрт мектебінде білім алатын 100-ден аса әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасының балалары оқуға қажетті киім-кешек және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени бірлестігінің қатысуымен атаулы акция алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде