Темекі өнімдерін заңсыз кіргізбек болғандар тоқтатылды

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері Мемлекеттік шекарадан заңсыз контрабандалық темекі өткізудің жолын кесті.

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Қасық» және «Қарасай батыр» шекара бөлімшелерінің аумағынан жалпы сомасы 7 млн.теңгеден асатын контрабандалық темекіні алып өтпек болғандар құрықталды. Осылайша, шекарашылар өз жұмыстарына шебер екендіктерін тағы бір рет дәлелдеді. Халықтың тыныштығын ойлап шекарадағы заңсыз әрекеттерге жол бермей, Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жүрген шекарашыларға алдағы уақытта табыс тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.