БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

0

Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов Қордай ауданына жұмыс сапарымен келіп, Қызылсай ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан О.Жандосов атындағы №10 орта мектебіндегі жұмыс барысын тексерді.

Қазан айында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланған білім мекемесінің бүгінгі жай-күйін бақылаған басқарма басшысы мектеп директорына құрылыс барысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ, мектептің жөндеу жұмыстарының сапасы мен материалдық-техникалық базасы және балаларды ыстық тамақпен қамту мәселелеріне назар аударылып, басқарма басшысы тарапынан тапсырмалар берілді. Мектеп басшысына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін де қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.

Жаңа оқу жылында аталған мектепте оқитын 160 оқушы мектепке қарама-қарсы орналасқан бос тұрған ғимаратта 2 ауысымда білім алатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.