Маусым ашылды

0

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қордай ауданының тұрғындарын ескертеді: 2024 жылғы 7 қыркүйектен бастап Жамбыл облысы аумағында бекітіліп берілген аңғышылық алқаптарда жабайы су құстарын, аулауға рұқсат етілді.

Аңшылық нысаны болып табылатын жануарлардың басқа түрлерін аулауға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығымен бекітілген Аң аулау қағидасының 11 қосымшасына сәйкес аң аулауды өткізу мерзімдерінде жүргізіледі.

И.Ибраимов, аңшылықтанушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.