Даярлау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері

0

Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығымен 2024 жылдың 6 қазанына тағайындалған республикалық референдумды өткізуге байланысты,  «Республикалық референдумды даярлау  мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері» тақырыбында аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинар-тренингке Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов,  Қордай ауданы бойынша аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаев, аудан бойынша аумақтық референдум коммисиясының мүшелері мен учаскелік референдум комиссиясының төрағалары, төраға орынбасарлары мен комиссия хатшылары, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған оқыту семинары аудандық мәдениет үйінде өтті.

Тренингтің мақсаты – Республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтар туралы, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын түсіндіру және референдумды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.

Шара барысында референдумды өткiзудiң принциптерiне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, аудандық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері саяси науқанды әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі жұмыстар мен дауыс беру күні ұйымдастырылатын жұмыстар жөнінде дәрістер оқыды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.