Заңсыз жасалған сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылды

0

Қордай аудандық сотында балалары әкесінің тұрғын үйін сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай талап қоюшылар  Х. әкесі Н. қайтыс болған соң  мұрагерлік тұрғын үйді рәсімдеу кезінде Жамбыл облыстық нотариалдық палатаның жауабына сай, меншік иесі  жауапкер Л-ға 5 маусым 2022 жылғы сыйға тарту шартымен бергені  анықталған.  Жауапкер Л. талапкерлердің әпкесі,  әкелері Н., бірақ аналары әр түрлі адам.

Алайда, 2022 жылдың 5 маусымында әкесі Н.  церебральды инфарктпен ауруханаға түсіп, 14 маусымға дейін терапевтік бөлімде болған.

Сыйға тарту шарты жасалған уақытта Н-нің денсаулығы сөйлеу түгілі, өз бетімен жүріп-тұра алмайтын халде болған.

Тараптардың өтініші бойынша, сотпен екі мәрте психиологиялық-психиатриялық сараптама жасалып, меншік иесі сыйға тарту шартын жасауы мүмкін еместігі анықталды.

Талапкерлер соттан талап арызды қанағаттандырып сыйға тарту шартын жарамсыз деп тануды сұрады.

Сот шешімімен  талапкер Х.-лардың талабы қанағаттандырылды, сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылып, жылжымайтын мүлікке сыйға тарту шарты бойынша меншік құқығы тоқтатылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.