Мамандар кеңес берді  

0

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бас мамандары М.Джумабаев, М.Аблаева, Қордай аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары С.Сұраншиева мен акушер-гинеколог Ш.Үсербаева жуырда медицина қызметкерлеріне практикалық, кеңес беру-әдістемелік көмек көрсетті. 

Атап айтқанда, аудан тұрғындары арасында жатыр мойны обырының алдын алу, 11 жастағы қыздар арасында адам папилломавирусына (АПВ) қарсы егу науқанын ұйымдастыру және өткізу, оның маңызы мен тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс барысында білім беру ұйымдары мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің дәрігерлері, медицина қызметкерлері, психологтар, ата-аналар мен мектеп оқушылары үшін семинарлар мен тренингтер өткізілді.

Денсаулық сақтау мамандары вакциналарды сақтау қоймаларын, емханалардағы егу пункттерін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету кабинеттері мен орта мектептердегі егу кабинеттерінің мониторингін жүргізді. Иммунопрофилактиканың проблемалық мәселелерін шешу, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету кабинеттері мен оқу орындарын толық жабдықтау, АПВ-на қарсы егу жұмыстарына дайындық бойынша ұсыныстар берді. Егу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, мектептегі медициналық пункттерде АПВ вакцинасымен жұмыс істеу кезінде суық тізбек талаптарын сақтау, медициналық жеңілдіктерді тіркеу, ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту және вакцинация алдындағы сауалнамалар бойынша шеберлік сағаттары мен практикалық оқулар өткізді.

Ауданымыздағы мамандар медицина қызметкерлерін оқыту және АПВ вакцинасының маңыздылығы мен тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.