Жүргізуші автокөлікті есірткілік масаң күйде басқарған

0

Қордай аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608 б. 1 б. (Жүргізушінің көлік құралын есірткілік масаң күйде басқаруы) бойынша азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2024 жылдың шілдесінде полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін есірткілік масаң күйінде анықтады.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Ол достарымен «қарасора» есірткісін қолданғаннан кейін оларды жеткізіп тастауға шешім қабылдағанын түсіндірді. Кейін оны полиция қызметкерлері тоқтатқан.

Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 2.12.6-тармағына сәйкес жүргізушіге мас күйінде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уыт) болуға тыйым салынады.

Медициналық куәландыру ер адамның есірткі қабылдағанын көрсетті.

ӘҚБтК 608 б. 1 б. санкциясымен — 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген.

Сот қаулысымен азамат Н. кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқарудан айыра отырып, 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.