ҚЫС АЙЛАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ

0

Қордай ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтті.

Аталған оқу-жаттығу азаматтық қорғау органдарының қысқы жағдайларға жедел әрекет ету қабілетін арттыруға және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдардың үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайлардың әртүрлі сценарийлері қарастырылып, құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жаттығуға Жамыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев, азаматтық қорғау басқармалары, жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Олар қысқы кезеңдегі апатты жағдайларға, қар көшкіні, жолдағы төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтердің ақауларын жоюға дайындықтарын көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.