Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2024 жылдың 10 қазаны мен 10 қараша аралығында «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық!» атты облыстық айлық өткізілетіндігін хабарлайды.
Айлық барысында аудандағы халыққа қызмет көрсету орындарының (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар, дүңгіршектер, т.б.) маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері, бақылау кассалық түбіртектері және басқа да көрнекі ақпараттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына сәйкес рәсімделуіне зерделеу, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21 – бабына сәйкес, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады.
Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде — сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс.
Нысандар маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттардың сауатты, заң талаптарына сәйкес рәсімделуіне байланысты сұрақтарыңыз болса 2-13-97 телефоны бойынша хабарласуға болады.
С.Балпукова, Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшыс