Энергетикалық сусын қауіпі

0

Қазір ересектер де, жасөспірімдер де энергетикалық сусындар ішеді. Дәрігерлер энергетикалық сусындардың жүрекке қаупін түсіндіріп берді.

— Қазір жастар энергетикалық сусындарды көп ішеді. Тіпті күніне 10 құты энергетикалық сусын ішетін жастар бар. Олар мұндай сусындар жұмыс істеуге көмектесетінін айтады. Себебі түнде ұйықтамайды, күндіз жұмысы бар.

Энергетикалық сусындардың ішінде артериялық қысымның көтерілуіне, жүрек ырғағының бұзылуына әкелетін кофеин және таурин секілді ынталандырғыштар бар. Олар жүрек соғысын жиілетеді. Бізде жүрек соғысы минутына 200-250-ге дейінгі пароксизммен түсетін жас науқастар бар. Бұл несімен қауіпті? Науқас аритмиялық шокқа түсуі немесе ол жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін, — дейді мамандар.

Дәрігерлердің айтуынша, энергетикалық сусындарды көп ішкеннен кейін науқастың жүрегі тоқтап қалғаны және жастардың қайтыс болғаны жайлы мәліметтер бар. Сондай-ақ кардиолог энергетикалық сусындар жүрек бұлшықетінің зақымдалуына, яғни жүректің ұлғаюына әкелетінін ескертті. Бұл кардиомиопатияға, содан соң созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің пайда болуына ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.